Ерік Асқаров - қазақ әдебиетіндегі шоқтығы биік ақындардың бірі (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ерік Асқаров - қазақ әдебиетіндегі шоқтығы биік ақындардың бірі (ВИДЕО)

11.01.2016
Ерік Асқаров - қазақ әдебиетіндегі шоқтығы биік ақындардың бірі (ВИДЕО)

Өмірдің өзіндей шынайы өлеңдерімен бұқараға танылған талант Ерік Асқаров - қазақ әдебиетіндегі шоқтығы биік ақындардың бірі.

Ол 1959 жылы 10 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысының Булаев ауданында дүниеге келген.

Ақын аз ғұмырында соңына мол мұра қалдырып үлгерді. Туған халқын, туған топырағын емірене,егіле жырлап өтті. Абайды пір тұтып, Мағжанға тағзым етті. Қасымды ардақтап, Мұқағалиға мұңын шақты.

Айтыста да алдына жан салмады. Ол әр жылдары қазақ айтысының саңлақтары Әселхан Қалыбекова, Қонысбай Әбілов, Есенқұл Жақыпбек сынды ақындармен сөз қағыстырған.

Айтыстағы замандасы Қонысбай Әбілов: «Ерік айтысқа жазба ақындықтан келді. Қанша айтқанмен, олардың деңгейі жоғары болады», дейді.

Ал, ақынның соңында қалған ұлдары әке мұрасын настихаттауды аманат деп біледі. Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.

 

Хабарламаларға жазылу