Облыстық олимпиаданың төрт жеңімпазы жоғары оқу орындарының гранттарын ұтып алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Облыстық олимпиаданың төрт жеңімпазы жоғары оқу орындарының гранттарын ұтып алды

08.01.2016
Облыстық олимпиаданың төрт жеңімпазы  жоғары оқу орындарының гранттарын ұтып алды

Оған сәйкес, «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы ұсынған ақпарат бойынша,  жоғары нәтиже көрсеткен төрт оқушы Павлодар қаласының екі жоғары оқу орнында оқуға грант ұтып алған.

Олар - тарих пәнінен Ақсу қаласының Үштерек жалпы орта білім беру мектебінің оқушысы Айболат Кожахметов, Ақтоғай ауданы, Қараоба мектебінің оқушысы Мәдина Темірова, география пәнінен Баянауыл ауданы, Бірлік мектебінің оқушысы Қарлығаш Жұмағали және орыс тілді мектептеріндегі қазақ тілі пәнінен Павлодар қаласының № 22 мектебінің оқушысы Аслана Сәлімова.

Оларға С.Торайғыров атындағы ПМУ университеті үш білім грантын, Инновациялық Еуразия университеті бір грант бойынша білім алу мүмкіндігі ұсынылған. Олимпиадаға Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалалары мен 10 ауданнан барлығы 25 команда және 12 облыстық мамандандырылған білім беру мектептерінен 707 оқушы қатысқан, деп хабарлады Рavlodarnews.kz.

Хабарламаларға жазылу