Оңтүстік Қазақстан облысында жыл басынан бері 800 нәресте дүниеге келген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оңтүстік Қазақстан облысында жыл басынан бері 800 нәресте дүниеге келген

06.01.2016
Оңтүстік Қазақстан облысында жыл басынан бері 800 нәресте дүниеге келген

Еліміз бойынша әрбір бесінші бала демографиялық өсімі жоғары Оңтүстік өңірде туылады екен. Ал, 2015 жылы облыс бойынша 80 мыңға жуық нәресте дүниеге келген.

Айта кетейік, 31 желтоқсаннан 1-ші қаңтарға қараған күні перзентханаларда 233 сәби жарқын дүние есігін ашты. Оның ішінде 130-ы ұл бала болса, 103-і қыз баласы.

Бұл көрсеткіш 2015 жылмен салыстырғанда, 11 балаға артық, деп хабарлайды  Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

 

Хабарламаларға жазылу