Отандық үш әуе компания жұмыстарын тоқтатуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Отандық үш әуе компания жұмыстарын тоқтатуы мүмкін

05.01.2016
Отандық үш әуе компания жұмыстарын тоқтатуы мүмкін

Қазақстандық «Bek Air», «Жезказған-Эйр» және «Жетісу» әуе компаниялары «IOSA» сертификатының жоқ болу салдарынан жұмыстарын тоқтатуы бек мүмкін.

Әзірге бұл компанияларда тек Қазақстан аумағында ұшуға арналған құжаттары бар. Сондықтан олар 2017 жылдың 24 қарашасына дейін жұмыстарын тоқтатпайтынын айтады.

Мысалы, «Бек Эйр» әуе компаниясы 2015 жылдың қараша айында Азаматтық авиация комитетінен ұшу жөнінде куәлік алған. Сол себепті тұтынушыларға уайымдауға еш негіз жоқ, дейді компания мамандары.

Ал, «IOSA» сертифатты жоқ деп айыпталған қазақстандық үш әуе компания өздеріне әдейі қастандық жасалып отыр дегенді алға тартуда. Өйткені жекеменшіктегі үш компания Қазақстандағы билет құны қымбат өзге әуе компаниялардың алдын орап, оларды тұтынушысыз қалдырған.

Хабарламаларға жазылу