Рио-де-Жанейродағы Нилтон Сантос стадионының қарыздары 250 мың доллар болған. Соның салдарынан Олимпиада стадионы бүгін жарықсыз отыр.
Бұл туралы Associated Press агенттігі хабарлады.
Қала мэриясының өкілдері қарызға батқан «Ботафого» футбол командасы, деп мәлімдеп отыр.
Ал, футбол клубының баспасөз қызметі қарызбен байланысты мәселені қала биілігі шешуі қажет, деген пікірде. Бұл стадионда 2016 жылы жазғы Олимпиада ойындары шеңберінде жеңіл атлетикадан жарыс өтуі керек.
Стадион Панамерикандық ойындар өткізу үшін 2007 жылы ашылған.