Маржан тастар туралы не білесіз? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маржан тастар туралы не білесіз?

04.01.2016
Маржан тастар туралы не білесіз?

Шығыс аңыздарында маржан тастардың шығу тегі туралы көп айтылады. Қытай халқы жүздеген жылдар бойы маржанды емдік дәрі ретінде пайдаланған.  Лимон сөліне езілген маржан адамды жасартатын дәрі саналған. Ал, маржаннан жасалған зергерлік бұйымдардың өте әдемі келетіні айтпаса да түсінікті.

Маржан – седеп (перламутр) бөліп шығаратын ұлулардан құралады. Өзгеше дене ұлудың қабыршағына, яғни, жарма мен мантия деп аталатын сыртқы қабығының арасына түседі.

Мантия денені бүркеп алады да, біртіндеп седеп қабығымен орай бастайды. Нәтижесінде, көмірқышқылды кальцийден тұратын қатты моншақ түзіледі. Таза маржан шыққанша талай жыл кетуі мүмкін. Айта кету керек, маржан мәңгілік емес. Шамамен 150 жылдан соң, оның тек күлі ғана қалады.

Табиғатта маржанның 8 конфигурациясы бар: түйме, тамшы, алмұрт, сопақ, жарты дөңгелек, дөңгелек, теріс қалып және сфера.

Маржанның көлемі әртүрлі болады. Кішігірім дәннің көлеміндейі де, көгершіннің жұмыртқасындай болатын үлкені де бар. Әлемдегі ең үлкен маржан Лондонда сақтаулы. Оның салмағы – 450 карат (20 грамнан артық). Ал, құны 4500000$ астам сомаға бағаланады.

Әлемдегі ең танымал маржандардың бірі – «Ле Гран». Ол кезінде Наполеонға тиесілі болған. Бұл маржан сонымен қатар, көлемі жағынан да ерекшеленеді. Құны – 2500000 доллардан астам.

Еуропаның солтүстіктегі 70-тен астам өзенінде қабыршағының ұзындығы 12 сантиметр болатын ұлулар өмір сүреді. Жергілікті тұрғындар маржанды дәл осы жәндіктерден алады. Және оны «бурмит дәні» немесе «бисер» деп атайды.

«Алла» маржаны өзінің құрылысымен ерекшеленеді. Бұл маржан адамның ми құрылысына қатты ұқсайды. Салмағы 6 келіден астам. Ал, құны 40 миллион доллардан астам сомаға бағаланады.

«Пилигрим» деп аталатын маржан – жұмыртқа тектес формасымен ерекше.

Хабарламаларға жазылу