Скрипка - музыкалық аспаптардың «патшасы» ретінде танымал. Үлкен оркестрде 100-ден астам музыкант болса, олардың 30-ы - скрипкашылар.
Аталмыш аспап бір ғасыр ішінде жетілдірілді. Оның тарихы ысқымен ойналатын ішекті аспаптар пайда болған Үнді елінен басталады.
Еуропада ерте ортағасыр кезеңінде ысқымен түрлі аспаптарда ойнаған. Солардың бірі Еуропаға X ғасырда Балқан түбегінен келген - виола аспабы. Оны да иықта ұстап тұру арқылы ойнаған.
Кейін виоланың пішіні Испания арқылы бүкіл Еуропаға тараған араб аспабы ребектің әсерінен өзгеріске ұшырады. Осылайша, виолоның берік пішіні және ребек қоңырауларының тізбегінен жаңа аспаптар тобы пайда болды.
Скрипка қазіргі пішініне XVI ғасырдың екінші жартысында ие болды. Ең танымал скрипкалар XVII және XVIII ғасырларда жасалды. Оны жасаудың шеберлері Италиядан шықты. Аспап жасаудың ең үздік шебері - Антонио Страдивари (1644-1737).
Мәліметтерге сай, Страдивари 1116 аспап құрастырып шыққан. Олардың 540 түрі кең танылған. Көпшілігінің атауы онда ойнаған музыканттардың есімімен сәйкес аталады.