Өйткені, балықтардың қан-жоса болып төбелесіп жатқанын көзге елестету әрине, қиын. Дегенмен, мұндай жағдайлар өмірде бар болып шықты.
Betta splendens тұқымды балықтарды бір-бірімен жалғыз қалдыруға болмайды екен. Өйткені, олар жалғаз қалған мезетте бір-біріне қораздарша шабуылдай бастайды. Төбелестің соңы тіпті өлімге алып келетін жағдайлар да болып тұратын көрінеді.
Балықтардың бір-біріне осындай қарым-қатынастарын Тайланд елінің азаматтары өз пайдасына асыратын көрінеді. Олар кәдімгідей қораздарды төбелестіргендей балықтарды төбелестіріп қызықтайды екен.