Шығыс халықтары тағамды таяқшамен жеу адамның дамуына игі әсер етеді деген сенімде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыс халықтары тағамды таяқшамен жеу адамның дамуына игі әсер етеді деген сенімде

01.01.2016
Шығыс халықтары тағамды таяқшамен жеу адамның дамуына игі әсер етеді деген сенімде

Тағам жеуге арналған таяқшаларды әдетте Қытайда, Жапонияда, Тайландта, Вьетнамда және Кореяда пайдаланады. Таяқшалар дәстүрлі және заманға сай материалдардан жасалады. Оларға негізінен ағаш, металл, піл сүйегі мен пластик пайдаланылады.  

Ежелгі Қытайдың император сарайында таяқшаларды күмістен жасаған. Күмісті бірінші кезекте тағамның арасындағы у-дың, мысалы күшаланың бар-жоғын білу үшін пайдаланған. Тағамды мұндай жолмен пайдалану тәсілі осыдан 3 мың жыл бұрын Қытайда пайда болған. Таяқшамен жеуді Қытай императоры Ұлы Юй шығарған деген де болжам бар. Императорға таяқшамен қайнап тұрған ыдыстан піскен етті алып жеу ыңғайлы болған.

Қытайда таяқшаларды түрлі материалдардан жасаған. Мысалы бай адамдар оны күміс пен түрлі сүйектерден жасаған және олардың бетіне түрлі бейнелер салған. Ал, кедей адамдар таяқшаны сапасы төмен ағаштан жасайтын болған. Мұндай таяқшалардың жаңқалары кіріп кететіндіктен, оларды бірінші бір-біріне үйкеу дәстүрі пайда болған.

Бұдан әрі тағамды таяқшамен жеу дәстүрі Жапонияға көшкен. Бұл елде  таяқшаларды бамбуктен жасай бастады.  

Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің тұрғындарының пайымдарынша, тағамды тұтынудың мұндай тәсілі тек ыңғайлы ғана емес, сонымен қатар пайдалы да. Таяқшамен тағам қабылдағанда алақанның бұлшық еттері жиналады. Ал, саусақтың жүйке жүйесі ас қорыту жүйесімен байланысты. Жапондықтардың пайымдауларынша, таяқшаны ерте бастан пайдаланған балалар өздерінің еуропалық құрдастарынан ақыл-ой жағынан әлдеқайда жылдам дамиды.

Шығыста бамбаук таяқшаларын жаңа үйленген жастарға сыйға тарту дәстүрі бар. Бұл таяқшалар екі жастың рухани бірлігін қалыптастырады деген сенімнен туған.

Хабарламаларға жазылу