Инновациялық жобасы бар журналистерге шәкіртақы ұсынылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Инновациялық жобасы бар журналистерге шәкіртақы ұсынылады

31.12.2015
Инновациялық жобасы бар  журналистерге шәкіртақы ұсынылады

Рейнольдс журналистика институты (RJI) қаржыландыратын шәкіртақы бағдарламасына қатысуға өтініштер қабылдау жалғасуда. Байқауға журналистика теориясы мен практикасы бойынша инновациялық идеясы бар журналистер қатыса алады.

Биыл RJI азаматтардың ақпаратпен  қаншалықты қамтамасыз етілетіні туралы идеялар мен жобаларға қызығушылық танытуда.

Институт резиденттік, резиденттік емес  және  ұйымдарға арналған шәкіртақы ұсынады. 

Резиденттік бағдарлама қатысушылары 8 ай көлемінде Миссуридағы журналистика мектебінің студенттік қалашығында тұрады. Сонымен қатар, институттың оқулықтары және техникасын пайдалана алады. 

Оларға ай сайын 10 000 АҚШ доллары көлемінде шәкірақы төленеді және бейімделуі үшін бір реттік жәрдемақы (10 000 АҚШ доллары) беріледі.

Резиденттік емес бағдарламаға ақпараттық, технологиялық және осы тақырыпқа жақын компаниялардың қызметкерлері қатыса алады. Ол үшін үміткерлер ұсынған идеясын жұмыс орнында дамыта алуы қажет.  Жеңімпаз бір жыл көлемінде ай сайын 2500 АҚШ доллары көлемінде шәкіртақы алады.

Ал, ұйымдарға 20 000 АҚШ доллары көлемінде шәкіртақы беріледі. Қаражатты жобаны жүзеге асырған қызметкерге немесе фрилансерге еңбекақы ретінде төлеуге болады.

Айта кетейік, өтініштер 15 ақпанға дейін қабылданады. 

Хабарламаларға жазылу