Мемлекет басшысы ҚР Президенті Әкімшілігінің қызметкерлерімен кездесті

30.12.2015
Мемлекет басшысы ҚР Президенті Әкімшілігінің қызметкерлерімен кездесті

Кездесу барысында Президент Әкімшілігінің 2015 жылғы қызметінің қысқаша қорытындылары шығарылды.

Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіздіктің 25 жылдығы аясында ел алдында маңызды міндеттер тұрғанын, оларды табысты жүзеге асыру көбіне-көп мемлекеттік қызметшілердің кәсібилігіне байланысты екенін атап өтті.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы жиналған қауымды алдағы Жаңа жылмен құттықтап, мықты денсаулық, жемісті жұмыс және бақ-береке тіледі.  

Хабарламаларға жазылу