Шырша ойыншықтарының жасалу жолдарын білесіз бе? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шырша ойыншықтарының жасалу жолдарын білесіз бе?

30.12.2015
Шырша ойыншықтарының жасалу жолдарын білесіз бе?

Жаңа жыл мерекесін шырша мен түрлі түсті ойыншықтарсыз елестету мүмкін емес. Ал, осы ойыншықтардың жасалу жолдарын білесіз бе?

Ең алдымен, шыны цилиндрді қызуы жоғары отта қыздырып, балқытып алады. Кейін түтігінен үрлесе, сопақша шыны дөңгелек қалыпқа түседі және оның өлшемін алдын ала анықтап алу қажет.

Егер ойыншық түрлі пішінде жасалу керек болса, онда сол жоғары температурада қызып тұрған жоғары отың астында жұмыс жалғаса береді. Содан кейін ойыншықтар конвейердің үстімен тексерістен өтеді.

Бұдан кейін шыны цилиндрдің ішіне күміс қосылған сұйықтық қосылғаннан кейін шайқап, 30-40 градустағы ыстық суға салады. Бұл жұмыс барысын тездету үшін қажет. Ойыншықты тағы біраз шайқаған соң, ойыншық дайын болады.

Хабарламаларға жазылу