Алдағы жылы Шәмші Қалдаяқов туралы телевизиялық сериал түсіріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алдағы жылы Шәмші Қалдаяқов туралы телевизиялық сериал түсіріледі

29.12.2015
Алдағы жылы Шәмші Қалдаяқов туралы телевизиялық сериал түсіріледі

2016 жылы композитор Шәмші Қалдаяқов туралы телевизиялық сериал түсіріледі. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында «Хабар» агенттігі» АҚ Басқарма төрағасы Айдос Үкібай мәлім етті.

«2016 жылы биографиялық телевизиялық жобаларды түсіруді жалғастырамыз. Өздеріңіз білесіздер, бұндай жобалар қымбатқа түседі және қажырлы еңбекті қажет етеді, сондай-ақ, ең бастысы -осындай телесериалдарды жоғары жауапкершілікпен бастау керек. Атап айтқанда, Шәмші Қалдаяқов туралы 2016 жылы телевизиялық сериал түсіруді парыз деп санадық. Бұл тұрғыда осы туындыны көрермендерге ұсынбақпыз», - деді  А. Үкібай.

Таратылған мәліметтерге қарағанда, жалпы бір жылда 10 телесериал шықты. Осы жылы көрермендерге аты аңызға айналған дирижер әрі композитор Нұрғиса Тілендиевтің  90 жылдығына арнайы түсірілген «Құстар әні» көп сериялы көркем фильм ұсынылды.

Хабарламаларға жазылу