«Қазақстан» РТРК» АҚ ұйымдастырған «Жыл таңдауы - 2015» байқауы қорытындыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан» РТРК» АҚ ұйымдастырған «Жыл таңдауы - 2015» байқауы қорытындыланды

28.12.2015
«Қазақстан» РТРК» АҚ  ұйымдастырған «Жыл таңдауы - 2015» байқауы қорытындыланды

«Қазақстан» РТРК» АҚ жыл қорытындысына сәйкес, үздіктерді саралау мақсатында  «Жыл таңдауы - 2015» байқауын ұйымдастырған болатын.

Дауыс беру екі апта бойы 2015.kaztrk.kz сайты арқылы жүргізілді.

Көрермендер таңдауымен «Үздік бағдарлама» аталымы бойынша көңілді тапқырлар өнер көрсететін «Жайдарман» танымал телевизиялық ойын-сауық бағдарламасы үздік шықты.

«Отандық үздік телехикая» аталымы бойынша ең көп дауысқа «Жаңа қоныс» телехикаясы ие болды.

Ал, жүргізушілер арасында ұйымдастырылған дауыс беруде «Үздік жүргізуші» атағын Гүлназ Ауданбаева иеленді.

«Үздік спортшы» аталымы кәсіпқой боксшы Қанат Исламға бұйырды.

 

Хабарламаларға жазылу