Қыс мезгілінде бетті қалай күтуге болады? (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қыс мезгілінде бетті қалай күтуге болады? (ВИДЕО)

28.12.2015
Қыс мезгілінде бетті қалай күтуге болады? (ВИДЕО)

Қыс мезгілінде адамның бет терісі құрғап, ызғарлы желдің әсерінен қызарып кетеді. Ол үшін қапаланбаңыз. Косметолог-дәрігер Гүлмира Амансүгірова қыс айларындағы бет күтімінің құпияларымен бөліспек. «Ең бастысы, бет терісін дұрыс тазарту»,-дейді маман.

Ол үшін бетіңізді арнайы тоникпен сүртіп алған дұрыс. Ескерту керек, бет терісін тазартатын химиялық сусынды дұрыс таңдау маңызды.

 Мысалы, майлы теріге – қырмызы, құртқашаш (ирис) сынды өсімдіктердің негізінде жасалған  тазартқышты пайдаланған дұрыс. Ал, құрғақ теріге – нәркез, зәйтүн немесе раушаннан жасалған тазартқыш сұйықтықты таңдаған жөн.

«Адамның бетіне қоршаған орта қатты әсер етеді. Қыс мезгілінде теріңіз құрғап кетуі ауа температурасының күрт өзгеріп отыратындығына байланысты. Нақтырақ айтқанда, біз сырттан жылы жерге кіреміз. Бұл – бет терісіне кері әсерін тигізеді. Ал, терінің қабыршақтануы – май бездерінің дұрыс жұмыс істемеуінен болады. Осы сынды факторлар өте көп. Сондықтан, кез келген қыз көрікті боламын десе, терінің күтіміне бей-жай қарамауы керек»,-дейді Гүлмира Амансүгірова.

Бетті тазартып алсаңыз, ендігі кезекте – пилшинг. Яғни, терең ылғалдандыру. Ол өлі жасушаларды жойып, теріні қалпына келтіреді. Өзіңіз қалаған пилинг түрін таңдап, оны айналдыра уқалап жағу керек. 5 минуттан кейін жылы сумен жуып тастаңыз.

Одан кейін қандай әдіс қолдану керегін толығырақ «Таңшолпаннан» біле аласыздар.

Хабарламаларға жазылу