«Coca-Cola» сусыны 90 пайыз газдалған судан, қалған бөлігі қант, ортофосфор қышқылы және кофеиннен құралады. Сонымен қатар, шырынның кішкене бөлігін «Мерхандиз-7» атты жұмбақ қоспа құрауда. Бұл жұмбақ заттың құрамы тек компания басшыларына белгілі. Оның құрамына цитрустық майлар мен теңіз жаңғағы, қышқыл апельсин гүлі, лайм кіретіні белгілі.
«Coca-Cola» сусыны құрамындағы заттарға тоқталсақ:
СО2 ( көмірқышқыл газы) – асқазан-ішек жолдарын тітіркендіреді. Газ ішек-қуысын жұмсартып, өнешке келу арқылы қыжылға әкеп соқтырады. Сонымен қатар, көмірқышқыл газы ағзадағы өт қабы мен бауыр жұмысына кері әсерін тигізеді.
Қант – үнемі қолдану тістің бұзылуына әкеп соқтырады. «Coca-Cola» шырынының бір бөтелкесі 5 асқасық қантты қамтиды. Шырын құрамында қант мөлшері көп болғандықтан семіздікпен тері ауруының пайда болуына ықпал етеді.
Ортофосфор қышқылы – тіс эмалін бұзады. Ортофосфор қышқылының мөлшерден тыс болуы сүйектегі кальциді шаяды. Ал, ағзадағы кальций артық қышқылды бейтараптандыруға көмектеседі.
Кофеин – ұйқының бұзылуына әсер етеді. Ағзадағы минералды заттарды кофеин жойғандықтан остеопороз ауруы пайда болуы мүмкін. Кофеин есірткі заттарына ұқсас болғандықтан шырынға деген тәуелділікті туғызады.
Натрий бензонаты – бүгінде көптеген шырындардың құрамында кездесетін қосынды. Ағзадағы белсенді ферменттердің жойылуына әсер ететіндіктен, адамдарды семіздік ауруына душар еткізеді.
«Coca-Cola» құрамында ортофосфорлық қышқыл көп болғандықтан заттардағы қақ пен тат сынды әк қалдықтарын тазалауға ыңғайлы. Алайда, шырын бояғыш заттардан тұрғандықтан санитарлық мақсатта қолдану қауіпті болып саналады.