1. Алма мен даршын (корица)
Алманы жұқа етіп турап алып, 500 мл таза суға салып араластыру қажет. Одан кейін қоспаға 1 шәй қасық ұнтақталған даршын қосу керек. Сусынды салқындатып, күні бойы ішкен жөн.
ФОТО: postila.ru
Алма мен даршыннан әзірленген коктейль зат алмасуды реттеп, ас қорыту жолын тазартады.
2. Лимон шырыны мен бал
2 шәй қасық лимон шырынын 200 мл жылы суға құйып, жақсылап араластырып, 1 шәй қасық табиғи бал мен бір шөкім ұнтақталған зімбір қосу керек.
ФОТО: postila.ru
Сусынды ашқарынға ішіп, таңғы асты жарты сағаттан кейін жеуге болады. Қоспа ас қорыту жүйесін тазартады.
3. Зімбір сусыны
Зімбір тамырын (3-4 см) тазартып, ұсақтап турау керек.
Тазартылған зімбірді 1 литр ыстық суға салып, 10 минут баяу отта қайнатып, сүзгіден өткізген жөн. Қоспа суыған соң, бір шөкім ұнтақталған даршын, бірнеше ас қасық итмұрын шырынын қосуға болады.
ФОТО: imbirek.ru
Күні бойы 100-150 мл қоспаны тамақтануға 30 минут қалғанда ішу керек. Мұндай сусын ас қорыту жүйесін қалпына келтіріп, зат алмасу процесін жақсартады. Сондай-ақ, сергітетін және әлдендіретін қасиеті де бар.
4. Қызылша шырыны
1 қызылша, 2 алма және 4 сабақ балдыркөктен шырын әзірлеп, 1 ас қасықтан күніне екі рет (таңертең және кешке) тамақтануға жарты сағат қалғанда ішу керек.
ФОТО: www.golovnie-boli.ru
5. Денсаулық сусыны
1 апельсин, 1 лимон және 1 сәбізден шырын әзірлеп, қоспаға 100 мл минералды су қосуға болады. Тамақтанудан 30 минут бұрын ашқарынға тұтынған жөн. Мұндай коктейль шаршағанды басады және құрамында антиоксиданттар өте көп болады.
ФОТО: www.liveinternet.ru
6. Қияр және балдыркөк
1 қияр мен балдыркөк тамырын ұсақтап турап, оған 300 мл су қосу керек. Сусынды күні бойы ішуге болады.
ФОТО: opa.clan.su
Интернет материалдары бойынша әзірленді