Астанада 18 мыңнан астам жұмыс орны құрылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада 18 мыңнан астам жұмыс орны құрылды

25.12.2015
Астанада 18 мыңнан астам жұмыс орны құрылды

Соның ішінде өнеркәсіп саласы бойынша - 1 мың 528, көтерме және бөлшек сауда, авто және мотоциклдер жөңдеу бойынша – 4 мың 305, көлік және қойма бойынша – 1 мың 158, білім және денсаулық сақтау саласы бойынша – 3 мың 157, құрылыс саласы бойынша – 2 мың 678 және 5 мың 563 адам жұмысқа орналастырылды.

Сонымен қатар, Астана қаласы әкімдігінің Жұмыспен қамту орталығы арқылы 5 мың 843 адам жұмысқа тұрды. Жастар тәжірибесін өтуге 589 түлек және жаңа мамандық меңгеру мақсатында 628 адам қайта даярлауға жіберілді. Сондай-ақ, 115 адам әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылды.

Айта кетейік, елордада «Артем» базарында қалалық Жұмыспен қамту орталығының өкілдігі ашылды. Енді базарға келушілер, сондай-ақ базар маңында жұмыс істейтін өзін-өзі жұмыспен қамтығандар «Жұмыспен қамту жол картасы - 2020» бағдарламасы және бос орындар, халықты жұмыспен қамту бойынша қолданылатын басқа да белсенді іс-шаралар туралы толық ақпарат ала алады.

 

Хабарламаларға жазылу