Бейнелеу өнеріндегі «рoint-to-point» стилі туралы не білесіз? (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бейнелеу өнеріндегі «рoint-to-point» стилі туралы не білесіз? (ВИДЕО)

24.12.2015
Бейнелеу өнеріндегі   «рoint-to-point» стилі туралы не білесіз? (ВИДЕО)

Рoint-to-point - бейнелеу өнеріндегі ерекше стиль. Бұл өнердің нақты шығу тарихы жоқ. Зерттеушілер оны Австрияның байырғы тұрғындары ойлап тапқан деген болжам жассайды. Алайда, шыныға салынған түрлі өрнектерді Үнді және Индонезия елдерінің мәдениетінен де байқауға болады.

Рoint-to-point - нүктелі сурет салу әдісі. Арнайы бояулар қолданылады. Оны меңгеру көп уақытты қажет етпейді. Тума таланттан гөрі қиялдың алар орны ерекше.

«Ең бастысы, сурет салынатын заттың үсті тегіс болуы тиіс. Сондай-ақ, ондағы түрлі нүктелі бейнелердің толық кебуі үшін бір тәулік уақыт қажет», дейді отандық дизайнер Гүлназ Байтілеуова.

Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.

Хабарламаларға жазылу