Монополияға қарсы заңды бұзғандарға 53,5 млн теңге көлемінде айыппұл салынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Монополияға қарсы заңды бұзғандарға 53,5 млн теңге көлемінде айыппұл салынды

23.12.2015
Монополияға қарсы заңды бұзғандарға 53,5 млн теңге көлемінде айыппұл салынды

Бүгін «Сыр Медиа» ЖШС жанындағы облыстық коммуникациялар орталығының брифингінде департамент басшысы Нұрлан Пірімов осылай мәлімдеді.

Атап айтқанда, АИ-92/93 маркалы жанармай, көлікті оталдыруға арналған сұйытылған газ, тауық жұмыртқасы, еті мен қанттың бөлшек саудасында осындай жағдай байқалды.

Тексеруден кейін заң бұзған субъектілерге 8 млн. теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды, деп хабарлады Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

«Биыл монополияға қарсы заңның бұзылуы бойынша 30 факт тіркеліп, 53,5 млн. теңге айыппұл салынды. Жыл ішінде соның 22,7 млн.-ы өндірілді. 14 іс сотта қаралып, нәтижесінде 12-сі департаменттің пайдасына шешілді», - деді Нұрлан Пірімов.

 

Хабарламаларға жазылу