Ауа райы: Еліміздің басым бөлігінде көктайғақ пен бұрқасын болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ауа райы: Еліміздің басым бөлігінде көктайғақ пен бұрқасын болады

23.12.2015
Ауа райы: Еліміздің басым бөлігінде көктайғақ пен бұрқасын болады

23 желтоқсан күні Қазақстанның басым аймақтарында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерлерде жауын-шашын (көбінесе қар түрінде) жауады, тұман, көктайғақ, бұрқасын, жел, республиканың жекелеген аймақтарында қатты жел күтіледі.

Бұл туралы Қазгидромет хабарлады. Ақмола облысында желдің күшеюі 18-23, күндіз кей жерлерде екпіні 30 м/с жетеді, кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ болады. Жамбыл облысында желдің күшеюі 18-23, күндіз екпіні 30 м/с-тан жоғары болуы күтіледі, кей жерлерінде бұрқасын, тұман көктайғақ бақыланады. Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, күндіз екпіні 23-28 м/с жетеді, тұман, бұрқасын болады.

Алматы облысы Жалаңашкөл ауданында жел 20-25, екпіні 28 м/с күшейеді, кей жерлерінде тұман бақыланады. Қызылорда облысында жел 15-20, екпіні 25 м/с күшейеді, тұман, бұрқасын болады. Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында желдің күші 15-20, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с жетіп, бұрқасын, көктайғақ бақыланады. Шығыс Қазақстан облысының түнде кей жерлерінде жел 17-22, күндіз 15-20, кей жерлерінде екпіні 23-28 м/с күшейеді, түнде кей жерлерінде, күндіз территорияның басым бөлігінде бұрқасын болады.

Қарағанды облысының түнде кей жерлерінде 15-20, күндіз 15-20, екпіні 23 м/с күшейеді, кей жерлерде бұрқасынмен болады. Қостанай, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарының басым бөлігінде жел 15-20, екпіні 23 м/с күшейіп, кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ бақыланады. Манғыстау облысында, түнде Атырау облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, тұман бақыланады.

 

Хабарламаларға жазылу