Әлемнің әр қаласындағы тұрмыстық бұйымдарға қойылған ескерткіштер (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлемнің әр қаласындағы тұрмыстық бұйымдарға қойылған ескерткіштер (ВИДЕО)

21.12.2015
Әлемнің әр қаласындағы тұрмыстық бұйымдарға қойылған ескерткіштер (ВИДЕО)

Әлемнің түкпір-түкпірінде белгілі тұлғаларға ғана емес, күнделікті тұрмыстағы заттарға қойылған ескерткіштер көп.

Самарада 2005 жылы жылыту батареясына ескерткіш қойылған. Зерттеушілердің мәліметінше, мұндай батареялар ең алғаш Ресейде пайда болған. 

Чехия астанасы Прагада әйелдер туфлиіне арналған ескерткіш тұрғызылған. Ал, АҚШ-тың Филадельфия қаласынан және Бельгиядан кірқыстырғыштарға қойылған ескерткішті көруге болады.  

Үйге киетін шәркейлерге арналған ескертікш Ресейдің Томск қаласында сапаржайға баратын жолда тұр. Берлинде спорттық аяқ киімге арналған мемориал бар.

Қара теңіз жағалауындағы Анапа шипажайында ақ қалпаққа қойылған және Норвегияда бой көтерген қолғап мүсіні туралы қызықты деректерді «Таңшолпаннан» көріңіз.    

Хабарламаларға жазылу