Баобаб ағашы туралы не білесіз? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Баобаб ағашы туралы не білесіз?

19.12.2015
Баобаб ағашы туралы не білесіз?

Баобаб – ерекше ағаш. Оның үлкен діңі жауын-шашын маусымында көп мөлшерде су жинап алады. Сол суды пайдалану арқылы баобаб «арықтайды». Ағаш ештеңеден қорықпайды. Тіпті, құм  дауылынан да. Себебі, оның үлкен тамырлары жер қыртысына тереңдеп кеткен.

Қуаңшылық маусымында ағаштың жапырақтары сарғая бастайды. Термиттер де ағаш қабығына зиян келтіре алмайды.  Өйткені, ол сорғыш сияқты суға шылқып тұрады.

Баобабтың адамдарға да пайдасы орасан. Адамдар ағаштың жапырағын дәмдеуіш ретінде пайдаланса,  қабығынан жіп өреді, себет және аспалы тор  тоқиды, жемісін жейді.  

Кәрі баобаб діңі қуысқа толы. Оларды құмды дауыл немесе жыртқыш аңдардан қорғану үшін түрлі құстар пана етеді.  Саваннада өрт бола қойған жағдайда баобаб өртенбейді. Себебі оның қабығы сулы болады.  Соның арқасында ағаш өрт кезінде жыландар мен түрлі ұсақ кеміргіштерге пана бола алады.

Хабарламаларға жазылу