Алматыда Энергетика күні қарсаңында жаңа жылу қуаттары іске қосылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда Энергетика күні қарсаңында жаңа жылу қуаттары іске қосылды

18.12.2015
Алматыда Энергетика күні қарсаңында жаңа жылу қуаттары іске қосылды

Әрқайсысының қуаттылығы 100 Гкал/ сағат болатын үш заманауи ірі су қазандықтарының пайдалануға берілуі «Орбита» қазандығының қуатын 3 есе өсірді.

Бүгінгі күнге дейін Алматының жалпы жылу энергия өндірісі 3800 Гкал/ сағатты құрайтын. Ал қазір қаланың жалпы жылу энергиясының қуаты  пайызға артып, 4102 Гкал/сағатқа жетті. Оңтүстік астанада осылайша жылу қуаты 60% көбейіп, 488 ден 788 Гкал/сағатқа өсті. Яғни, қаланың оңтүстік бөлігінің жылуды тұтыну қуаты 66,64 Гкал/сағат, демек орталық жылу жүйесіне жаңадан салынатын 13 тұрғын кешенін қосуға толық мүмкіндік бар.

«Жаңа Орбита» қазандығында болған қала әкімі Бауыржан Байбек мемлекеттің жылуэнергия кешенін біртіндеп модернизациялап жатқандығын атап өтті.

«Жаңа қуаттарды және қосымша 300 Гкал/сағат болатын жылу көздерін іске қосу қаланы жылумен қамтамасыз етуді одан әрі жақсартып, кіші және орта бизнестің дамуына, Алматының оңтүстік бөлігінде жаңа құрылыс ынсандарын салуға ықпал етеді», - деді қала басшысы.

 

Хабарламаларға жазылу