Қалалық Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы Кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп көшеде сауда жасау нысандарын дамыту үшін арнайы бағдарлама әзірледі. Елорда көшелерінде кәсіпкерлер үшін 1 мың сауда орны құрылады. Атап айтқанда, Есіл ауданында - 303, «Сарыарқа» ауданында – 305, Алматы ауданында – 377 жаңа нысан ашылады.
«Бұл жерлерде онымен байланысты нақты объектілер болады. Содан кейін қызмет түрі, орындар саны мен объектінің орналасқан жері көрсетіледі. Бұл ретте барлық сауда орындары қаланың архитектуралық келбетіне, санитарлық және өрт сөндіру талаптарының нормаларына сай болуы керек, – деді Астана қалалық Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысының орынбасары Рыскүл Қауғабаева.
Дәмхана, мобильді кофехана, мобильді автосервистер, нан және көкөністер сату орындары, гүлдер мен кәдесыйлар сату дүкендері, сондай-ақ стрит-фудтар көшеде сауда жасау объектілері болып табылады.
Аталған бағдарламаға қатысу шарттары бойынша кәсіпкелерге ақпарат пен кеңес беру мақсатында ШОБ өкілдерін «бір терезе» принципімен қабылдау ұйымдастырылды. Консультациялар дүйсенбіден сәрсенбіге дейін сағат 09:00-18:00 Астана қ. Халыққа қызмет көрсету орталығында (Қажымұқан к-сі, 8а мекен жайы бойынша) беріледі.
Құжаттарды қабылдау туралы ақпарат Астана қаласының Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының ресми сайтында жарияланатын болады. Конкурсқа қатысқан кезде әрбір субъектімен жеке келісім жасалады, құжат аясында жер учаскесі кәсіпкерге 5-7 жылға жалға беріледі, деп хабарлайды Астана қаласының әкімдігі.
Еске салайық, Астана әкімдігі көшеде сауда жасауға 274 орын бөлді.