«Халық таңдауы». Сапалы шоколад қандай болуы керек? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Халық таңдауы». Сапалы шоколад қандай болуы керек?

18.12.2015
«Халық таңдауы». Сапалы шоколад қандай болуы керек?

Шоколадты қаншалықты тұтынған дұрыс? Сапалы өнімді қалай таңдаймыз? Қазақстандық тауарлардың сапасы тиісті талаптарға сай ма? Бұл сауалдарға С.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті, нутрициология кафедрасының аға  оқытушысы Айгүл Нағашыбекқызы жауап берді.

Маманның айтуынша, егер шоколадтың түсі қоңыр болса, ол міндетті түрде какао ұнтағынан жасалған. Яғни, құрамында 65-75 пайызға дейін какао майы бар.

«Қазіргі уақытта дүкен сөресіндегі шоколадтардың кейбірінің құрамына какао майын өзге алмастырғыштармен ауыстырып, шоколадтың құндылығын төмендететін жағдайлар жиі кездеседі»,-дейді Айгүл Нағашыбекқызы.

«Негізі шоколадтың жарамдылық мерзімі бір жылдан аспауы қажет.  Тұтынушы сатып алар кезде өнімнің шығарылған күніне назар аударғаны жөн. Өзі майлы өнім болғандықтан, күн көзі тікелей түсетін жерден алыс ұстау және 20 градустан жоғары жерде сақталмауы керек».

Толығырақ «Таңшолпаннан» көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу