«Қазақстан» РТРК» АҚ Астанада «Қазақстан дауысы» жобасын қолдау мақсатында флешмоб өткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан» РТРК» АҚ Астанада «Қазақстан дауысы» жобасын қолдау мақсатында флешмоб өткізді

15.12.2015
«Қазақстан» РТРК» АҚ Астанада «Қазақстан дауысы» жобасын қолдау мақсатында флешмоб өткізді

Флешмоб үдемелі музыка ырғағымен кенеттен басталып, сауда орталығына келушілердің назарын өзіне аударды. Сауда үйінің орталығына шыққан бишілер жұртшылықты таң қалдырды.

Қысқа уақыт ішінде сауда орталығының 30-дан астам қызметкерлері: сәнді киім сатушылары, күзетшілер және келушілердің өздері де ортаға шығып, әсерлі би биледі. Флешмоб «Қазақстан дауысы» жазбасы бар 50 шарды аспанға жіберумен аяқталды. Іс-шара ұйымдастырушылары көрермендерге жақсы көңіл-күй сыйлағаны сөзсіз.

Естеріңізге сала кетейік, «Қазақстан дауысы» бұл бүкіл әлемдік «Голос» байқауының қазақстандық баламасы. Елімізде үздік, дарынды, ең бастысы, бірегей, әрі мықты дауыс иесін таңдауға мүмкіндік беретін өз ұлттық байқауымыз бар. Бұл ретте аталған шоу еліміздің мықты дауыс иесін анықтап қана қоймай, кең байтақ Қазақстанның мақтан тұтар дарын иелерінің көп екенін көрсетеді.

Хабарламаларға жазылу