Айгүл Иманбаеваға «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағы берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Айгүл Иманбаеваға «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағы берілді

15.12.2015
Айгүл Иманбаеваға  «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағы берілді

«Қазақстанның Еңбек Ері» атағы «Еуроазиаттық энергетикалық  корпорация» АҚ «Восточный» разрезінің механигі, Павлодар облысының Екібастұз қаласынан – Р.Әміреновке, «Қазфосфат» ЖШС бас директоры, Тараз қаласынан – М.Искандировке,  «Алтынсарино» ЖШС директоры, Қостанай облысының Қамысты ауданынан –, Б.Князевке берілді.

«Отан» орденімен «Камышинское-2» ЖШС директоры, Шығыс Қазақстан облысының Шемонаиха ауданынан – В.Акулов, жазушы, Астана қаласынан –  Ә.Әшімов (Әкім Тарази),  сазгер, Алматы қаласынан – Е.Хасанғалиев марапатталды.

«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев» орденіне Қызылорда облысының әкімі Қ.Көшербаев, Президент Әкімшілігінің Басшысы Н.Нығматулин лайық деп танылды.

ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен Парламент Мәжілісінің төрағасы Қ.Жақыповтың, «Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» РМК ректоры Е,Сыздықовтың еңбегі атап өтілді.

ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен Петропавл қаласындағы «Орта Азия электр-энергетика корпорациясы» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы А.Клебанов, Астана қаласындағы «Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы» кәсіподақтар республикалық бірлестігінің төрағасы Ә.Құсайынов марапатталды.

«Парасат» орденіне Президенттің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Н.Ермекбаев,  «Назарбаев Университеті» ДББҰ президенті Ш.Катсу, Жамбыл облысының әкімі К.Көкірекбаев, Ауыл шаруашылығы министрі А.Мамытбеков лайық деп танылды.

ІІ дәрежелі «Достық» орденімен Тараз қаласындағы «Корё» Жамбыл облысының корейлер ассоциациясы» ҚБ президенті Л,Канның еңбегі атап өтілді.

«Құрмет» орденімен Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан қаласындағы «Түркістан медицина колледжі» МКҚК директоры Ғ.Бимұрзаев, Ақмола облысының Шортанды ауданындағы «Жакен-1» ЖШС директоры А.Бренер, Жоғарғы Сот судьясы Ұ.Сүлейменова марапатталды.

ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденіне Атырау қаласындағы «Каспий Құбыр Консорциумы-К» АҚ «Теңіз» станциясының операторы Е.Жұмағалиев, Қарағанды облысының Теміртау қаласындағы «АрселорМиттал Теміртау» АҚ темір кесушісі М.Ибраев, Қостанай облысының Таран ауданындағы «Адлет-Т» ЖШС механизаторы Н.Капранчиков,  Солтүстік Қазақстан облысының Аққайың ауданындағы «Дайындық» ЖШС комбайнері А.Сағындықов, Алматы облысының Талғар ауданындағы «Алматы» асыл тұқымды зауыты» АӨК аға шопаны К.Сейтенбекова лайық деп танылды.

«Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағы «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ басқарма төрағасы С.Ақшолақовқа, Алматы қаласындағы «Ғ.Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры» РМҚК әртісі А.Иманбаеваға берілді.

І дәрежелі «Даңқ» орденімен Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары В.Жұмақановтың, ІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен Б.Ашқаровтың, «Сырбар» сыртқы барлау қызметінің директоры Ғ.Байжановтың қызметі атап өтілді.

ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен Ішкі істер министрлігі Алматы қаласы Ішкі істер департаментінің жол-патрульдік полициясының аға инспекторы Е.Абдрахимов, Мемлекеттік күзет қызметінің департамент бастығы Р.Нұркин, Қорғаныс министрлігі 03534 әскери бөлімінің командирі С.Поплавский марапатталды.

Хабарламаларға жазылу