ОҚО әкімі тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасымен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ОҚО әкімі тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасымен кездесті

14.12.2015
ОҚО әкімі тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасымен кездесті

Басқосуға, сондай-ақ, облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Е.Білісбеков қатысты. Кездесу барысында халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы тұрғындардың қауіпсіз ауыз сумен қамтамасыз етілуі, елді мекендер мен нысандарда дезинфекция, дератизация, дезинсекция жұмыстарының жүргізілуі туралы мәселелер көтерілді.

Сонымен қатар, ҚР Президентінің халыққа Жолдауында көрсетілген антидағдарыстық және құрылымдық түрлендірудің бес бағытына - қаржыландыру жүйесін тұрақтандыру, экономикалық өсімді қамтамасыз ету, еркін және әділ бәсекелестікке жағдай жасау, кәсіпкерлікті қолдаудың «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы және халықты әлеуметтік қолдау мәселелеріне ерекше көңіл аударылды.

Кеден Одағының техникалық регламенттеріне сәйкес, сырттан әкелінетін өнімдердің сапасына, оның ішінде тағам өнімдері ғана емес, сонымен қатар, шетелден тасымалданатын басқа да тауарлардың сапасы жөнінде мәселелер қозғалды.

Сондай-ақ, тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері, тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамдық бірлестіктерін қолдау мен олардың мемлекеттік тапсырыстан қаржыландыру мүмкіндігі де назардан тыс қалған жоқ.

Хабарламаларға жазылу