Астанада отандық өнімдерді сату орталығы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада отандық өнімдерді сату орталығы ашылды

14.12.2015
Астанада отандық өнімдерді сату орталығы ашылды

Елорда әкімі Әділбек Жақсыбеков «УниверMAG.kz» қазақстандық тауар өндірушілер дүкенінің алғашқы сатып алушыларының бірі болды.

Қазақстандық жеңіл өнеркәсіп саласының өкілдері бір сауда алаңында алғаш рет біріктіріліп отыр. Жаңа дүкеннің сөрелерінен үй тоқымасы мен балалар киімінен бастап, ерлер мен әйелдерге арналған іскерлік костюмдерге дейін, ұлттық киімдер, бас киім мен аяқ киім, шұлық өнімдері, спорттық киімдер орын тепкен, деп хабарлайды Астана әкімдігінің баспасөз қызмет.

Ә. Жақсыбеков кәсіпкерлерді дүкеннің ашылуымен құттықтап, отандық бизнесті дамыту және қалыпты бәсекелестік үшін жағдай жасаудың маңыздылығын атап өтті. «Бұл дер кезінде қабылданған шешім. Мемлекет басшысы қазақстандық құрамды ұлғайтуға әрдайым ерекше назар аударып келеді. Біздің өндірушілер жаңа сапалы деңгейге көтеріліп, қазақстандықтарға сапасы жағынан шетелдік тауарлардан артық болмаса, кем түспейтін өз өнімдерін ұсынуда. Баршаңызды құттықтаймын!»,– деді қала басшысы.

Хабарламаларға жазылу