Армения туралы қызықты деректер - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Армения туралы қызықты деректер

13.12.2015
Армения туралы қызықты деректер

Армениядағы мектептерде міндетті түрде шахмат ойнауды үйретеді. Мектеп оқушылары, тіпті, шахмат ойнаудан емтихан да тапсырады.

Мемлекеттік діні – християн діні. Бұл елде көне шіркеулер көп. Мәселен, Эчмиадзин шіркеуі IV ғасырда салынған.

Арменияның мемлекеттік нынашы – Арарат тауы. Армян халқы бұл тауда Нұқ пайғамбардың кемесі тоқтаған, дейді.

Армения туында қызғылт сары түс бейнеленген. Мұның себебін білесіз бе? Ол түс кәдімгі өріктің құрметіне бейнеленген екен. Өрік те – мемлекеттің нышаны.

Астанасы – Ереван қаласы. Мұнда қызғылт түсті тұрғын үйлер көп болғандықтан, «Қызғылт қала» деп аталып кеткен.

Халқының саны – 3 миллионнан астам. Ұлттық валютасы – армян драмы.

Армения территориясында 3500-ден астам өсімдік түрі өседі. Сондай-ақ, сүтқоректі жануарлардың 76 түрін, құстарды 304 түрін, бауырмен жорғалаушылардың 44 түрін, балықтардың 24 түрін және омыртқасыз жануарлардың 10 түрін кездестіруге болады.

Хабарламаларға жазылу