Күй – өміршең өнердің бірегейі. Бабаларымыздың ұрпақтан-ұрпаққа қастерлеп жеткізген төл мұрасын кеңінен насихаттау, бүгінгі буынның санасына сіңіру бағытында «Ақ жауын» мемлекеттік камералық оркестрінің атқарып отырған еңбегі зор.
Елбасының ұсынысымен өмірге келген «Ақ жауын» мемлекеттік камералық оркестрінің құрылуы турасында оркестр жетекшісі – Қазақстанның Еңбек сіңірген әртісі, күйші-композитор Секен Тұрысбеков былайша еске алады.
«Бірде Елбасымен бір кездескенімде «Секен, өз оркестріңді құрсаң қайтеді?», деген идея берді. Содан мен Елбасының бұл ұсынысын мақұл көрдім. Сөйтіп, кейін «Ақжауын» оркестрі дүниеге келді десем, артық айтқандық емес. Ұжымыммен Астанаға көшіп келуіме тағы да Нұрсұлтан Әбішұлы себепкер болған еді».
Бүгін сол оркестрдің шығармашылық кешін Ұлттық арнадан сағат 15:15-те көре аласыздар.