Қазақстанда менеджерлер мен кәсіпкерлерге арналып, австриялық білім беру бағдарламасы жүзеге асырылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда менеджерлер мен кәсіпкерлерге арналып, австриялық білім беру бағдарламасы жүзеге асырылады

10.12.2015
Қазақстанда менеджерлер мен кәсіпкерлерге арналып,  австриялық білім беру бағдарламасы жүзеге асырылады

Бағадарлама бизнес саласы бойынша білімдерін жетілдіріп жүрген азаматтардың тәжірибе жүзіндегі біліктіліктерін арттыруға бағытталған.  Аталмыш шара барысында оған қатысушылар талдау жасап, бизнес-жоспарлау мен кәсіпорынды басқару барысында, әсіресе дағдарыс кезінде туындайтын күрделі мәселелерді басқару мен оның шешімін табуға үйренеді және оларды болашаққа іс жүзінде пайдаланатын болады.    


Тұсаукесер рәсіміне Қазақстанның бизнес пен сарапшылар қауымдастығының, Ұлттық компаниялардың өкілдері мен бизнес бойынша білім беру саласындағы сарапшылар қатысады.     

Шара соңында халықаралық бапкер, Максимилиан Федингер бағдарламасының директоры «Клиенттердің белсенділіктерін қалай оятуға болады» деген мәселе төңірегінде шеберлік-сабағын өткізеді. 

Тұсаукесер рәсімі Астана қаласындағы Бейбітшілік көшесінің 8-ші үйінде орналасқан «Гранд Парк Есіл» мейманханасында сағат 18-30-да басталады.  

Хабарламаларға жазылу