Шараның мақсаты – жастардың назарын есірткінің қауіп-қатері мен оның салдары туралы кеңінен хабардар ету. Сонымен қатар, жастарды мұндай әдеттерден аулақ жүріп, саламатты өмір салтын ұстануға үндеу.
Іс-шара сонымен қатар, мақсатты ортаға, нақтырақ айтқанда, студенттер мен мектеп оқушыларына арнап, ұйымдастырылып, отыр. Себебі құқық қорғаушылардың мәліметтері бойынша, әдетте есірткіге әуестенушілердің басым бөлігі зиянды әдетке осы кезден бойы ұра бастайды және осы кезде жастар түрлі психологиялық және өзгеде әсерлерге тым берілгіш болып келеді.
Шараға Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев, Бақыт Сәрсекбаев, шахматтан халықаралық дәрежедегі спорт шебері Жансая Әбдімәлік, танымал актер Дәурен Серғазин, әнші Бауыржан Исаев сынды өзге де бірқатар жұлдыздар қатысып келеді.
Ал, 10 желтоқсан күні Астанадағы Қазақ мемлекеттік заң университетінде осы акцияның соңғы кезеңі ұйымдастырылды. Онда жастардың есірткіге әуес ортаға кіріп кетуінің алдын алу мен жастар арасында саламатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында арнайы рликтер көрсетіліп, есірткіге тәуелділіктен арылу мен оның зиянды жақтары туралы мамандар баяндама жасады.