Бұл туралы Үкіметтің мәжілісінде Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев мәлім етті.
«2016 жылдың сәуір айына дейін Ұлттық қордың қаржысын қалыптастыру мен пайдалану тұжырымдамасы, келесі жылдың сәуір айына дейін Бюджеттік кодекстің жаңа редакциядағы жобасы дайындалады»,-деді министр.
Сонымен қатар, 2017-2019 жылдарға арналған республикалық бюджетті қалыптастыру барысында тиімсіз шығындарды болдырмау мақсатында республикалық және жергілікті бюджеттерге толық ревизия жүргізіледі.
Бұған қоса, 2017 жылдан бастап, барлық жергілікті инвестициялық жобаларды қаржыландыру толықтай жергілікті атқарушы органдардың құзырына беріледі.