Балет өнерінде қолданылатын киімдер туралы не білесіз? (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Балет өнерінде қолданылатын киімдер туралы не білесіз? (ВИДЕО)

09.12.2015
Балет өнерінде қолданылатын киімдер туралы не білесіз? (ВИДЕО)

Балет - хореографияның ең жоғары сатысы. Өнердің синтетикалық түрі. Яғни, либретто, музыка, би, мүсін сынды әртүрлі жанрлардың жиынтығынан тұрады.  

Балериналар киетін көйлек - пачка деп аталады. Балеттегі ер бишілер бұларды қолданбайды.

«Балет өнері пайда болған шақта алғашында бишілер ұзын көйлек киген. Үш желбіршектен тігілген бұл киім ұзындығына байланысты билеу үшін ыңғайсыз болған. Екі желбіршегі алынып, ол киім бүгінгі пачкалардың қалпына түсті», дейді балетмейстер, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Ғалия Исмайлқызы.  

Пачкалар қойылымдардың мағынасына қарай  түрлі түсті матадан және әртүрлі стилде тігіледі.  

Ал, пуантқа бастапқыда гипс салынып тігілсе, қазір замануи үлгіге сай пластмасса салынып жасалады. Пуантты көпшілігі балет бишілерінің барлығы киеді деп ойлайды. Алайда, оны тек қыздар қолданады. Ол адамның терісінің түсіне сәйкес тігіледі. Пуантқа тұра білу - олар үшін белгілі бір белесті бағындырғанмен тең.

Ал, бұл киімдер қайда, қанша уақытта тігіледі?  Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.  

Хабарламаларға жазылу