Қызылорда облысында өсімдік майы өндірілетін болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылорда облысында өсімдік майы өндірілетін болады

08.12.2015
Қызылорда облысында өсімдік майы өндірілетін болады

Бүгінде оған Иран мемлекетінен инвестиция тартылуда, деп хабарлайды облыстың әкмідіктің баспасөз қызметі.

Ауыл шаруашылығы саласында одан да бөлек ауқымды жұмыстар атқарылмақ.

Индустрияландыру бағдарламасына енгізілген автоматтандырылған жылыжай кешендерін жүзеге асыру мақсатында «Жоғары Аграрлық Одақ» және ҚазАгроМир» ЖШС жұмыстар атқаруда.

Фермерлер ірі типтік бордақылау алаңдарын салуға үлкен қызығушылық танытуда. Жыл соңына дейін Қазалы ауданындағы «Сыр маржаны» ЖШС 500 бас, Сырдария ауданындағы «Шаған-жер» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 3 мың бас сиырға арналған кешенді бордақылау алаңын салуды жоспарлап отыр.

Жалағаш ауданында осындай нысан келесі жылы салынады. 


   
 

 

Хабарламаларға жазылу