Құстар ағаш үстінде ұйықтағанда неге құламайды? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Құстар ағаш үстінде ұйықтағанда неге құламайды?

06.12.2015
Құстар ағаш үстінде ұйықтағанда неге құламайды?

Құстар аяқ бұлшықеттеріне күш салғанда ғана ұйықтай алады. Себебі,  олар  бұтақ басында отырып,  аяқ бұлшық еттеріне күш салған кезде нық әрі теп-теңдігін сақтай алады. Бұл бұлшықеттер ұзын сіңірлер арқылы саусақ сүйектерімен жалғасқан. Құс отырған сәтте бұлшықеттер қысқарып, сіңірлер созылады да саусақтары жұмылады.

Ұйықтау барысында құс аяғын соза алмайды, өйткені  аяқ саусақтары бұтақты жібермейді. Оянған сәттерінде олар денесін көтерген кезде сіңірлері босайды.

Су ішінде тұрып ұйықтайтын фламинго, аққұтан сынды құстар ұйықтағанда  жиі бір аяғын  қымтайды. Осылайша олар суға аз жылу беріп,  дене температурасын қалыпты деңгейде сақтайды.

Құтан (аист) құсы ұшу кезінде кезек-кезек ұйықтауға тырысады. Ал шағала құсы ұясынан кеткеннен кейін  тоқтаусыз бір жыл бойы теңіз үстінда ұша алады. 

Хабарламаларға жазылу