Еуропалық қайта құру және даму банкі Талдықорғанға газ тарту жобасын қаржыландыратын болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуропалық қайта құру және даму банкі Талдықорғанға газ тарту жобасын қаржыландыратын болды

04.12.2015
Еуропалық қайта құру және даму банкі Талдықорғанға газ тарту жобасын қаржыландыратын болды

Кездесу барысында тараптар Талдықорған қаласына газ тарату жүйесінің құрылысын қаржыландыру жөнінде арнайы меморандумға қол қойды.

Бұл келісім бойынша қалаішілік газ тарату жұмыстарына аталмыш банк 4,6 млрд. теңге бөлетін болды.

Естеріңізге сала кетейін, қазіргі кезде «Алматы – Талдықорған» газ құбырының 210 шақырымы тартылды. Келесі жылы қалған 54 шақырымы аяқталмақ. Жалпы, жақын арада Талдықорған қаласы көгілдір отынмен қамтамасыз етіледі, деп хабарлайды Алматы облысының әкімдігі.

 

Хабарламаларға жазылу