«Kazsport» телеарнасы гандболдан қыздар арасындағы Әлем чемпионатын тікелей эфирде көрсетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Kazsport» телеарнасы гандболдан қыздар арасындағы Әлем чемпионатын тікелей эфирде көрсетеді

04.12.2015
«Kazsport» телеарнасы гандболдан қыздар арасындағы Әлем чемпионатын тікелей эфирде көрсетеді

Қазақстан Ұлттық құрамасы Әлем чемпионатында «D» тобында Норвегия, Испания, Румыния, Ресей және Пуэрто-Рико құрамаларымен плей-офф раундына берілетін жолдамаға таласпақ. Әр топтан келесі кезеңге төрт команда шығады.

Біздің құрама турнирдегі алғашқы кездесуін 5 желтоқсан күні Испания құрамасына қарсы өткізеді. Біздің команданың топтық кезеңдегі барлық кездесуі «Kazsport» телеарнасының тікелей эфирінде көрсетілу жоспарланған.

Айта кетейік, Қазақстан Ұлттық құрамасы 2007, 2009 және 2011 жылдан кейін Әлем чемпионатына төртінші рет шығуы.

Хабарламаларға жазылу