«Айтуға оңай...». Қыс мезгіліне Сіз қалай дайындаласыз? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Айтуға оңай...». Қыс мезгіліне Сіз қалай дайындаласыз?

03.12.2015
«Айтуға оңай...». Қыс мезгіліне Сіз қалай дайындаласыз?

«Қыс қамын, жазда ойла»,-дейді халқымыз. Қысқа табиғат та, адам баласы да, жан-жануарлар да бейімделіп дайындалады. Ал, Сіз қыс мезгіліне қалай дайындаласыз?

«Айтуға оңайдың» кейіпкері  Несіпхан Шоқанова қыс қамына жазда емес, ерте көктемнен кіріседі. Күн жылына басталысымен, ауласына түрлі жеміс-жидек, көкөніс егеді. Биыл да қыс мезгіліне тыңғылықты дайындалған  Несіпхан апай 250-дей  банкі салат жапқан.

Бұрын тосапты көптеп қайнататын Несіпхан Шоқанова бүгінде жеміс-жидекті ұзақ мерзімге сақтаудың жолын тапқан. Ол үшін терілген жидекке аздап қант салып, мұздатқышқа қою керек. Бар сыры осында. «Мұндай тәсілдің пайдасы мол. Себебі, жемістің бойындағы бар дәрумен сол күйі сақталады»,-дейді ол.

«Қазір келіндер уақыт тапшы деп жатады. Соларға арнайы ең оңай салат түрін үйретейін»,-деген Несіпхан апай студияда қырыққабат тұздаудың оңай тәсілін көрсетті.  Толық ақпарат мына жерде.

Сондай-ақ, хабар барысында қазы айналдыру жолдары, үйде отырып-ақ тоқуға болатын бас киім түрлері туралы біле аласыздар.

Хабарламаларға жазылу