2020 жылға дейін Алматы облысында апортты түлетуге ерекше мән беріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

2020 жылға дейін Алматы облысында апортты түлетуге ерекше мән беріледі

02.12.2015
2020 жылға дейін Алматы облысында апортты түлетуге ерекше мән беріледі

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша өңірде алма бақтарын кеңейту жұмыстары жүргізілуде. Бүгінде екі мың гектар аумақта апорт алма бақтары өнім беруде. Бұл бағытта тиісті көмек жүргізілуде, яғни бақтарды түлетуге 353 млн. теңге субсидия бөлінді», - деді өңір әкімі.

Оның сөзіне қарағанда, 2020 жылға дейін апорт бақтарының аумағын 3,1 мың гектарға жеткізу жоспарланып отыр

«Жалпы, Қазақстанды өзіміздің алмамен қамтамасыз етуді және экспортқа жұмыс істеуді көздеп отырмыз», - деді А.Баталов.

Осы орайда әкім алдағы жылы Панфилов және Ұйғыр аудандарында бау-бақша шаруашылығын дамыту бағытында жаңа егістерді ұлғайту қарастырылып отырғанын атап өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 

Хабарламаларға жазылу