Қызылордада Тұңғыш Президент күні мерекесіне орай жаңа су ұңғымасы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордада Тұңғыш Президент күні мерекесіне орай жаңа су ұңғымасы ашылды

02.12.2015
Қызылордада Тұңғыш Президент күні мерекесіне орай жаңа су ұңғымасы ашылды

Жобаның құны 2 млрд. 146 млн. теңге.

Шараға облыс әкімі Қырымбек Көшербаев пен қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қатысты.

Қызылорда облысы әкімдігінің мәліметтеріне қарағанда, қазіргі таңда қала тұрғындарының ауызсуға деген сұранысы 52 мың текше метр болса, нақты беріліп отырған ауызсудың көлемі – 39 мың текше метр.

Осылайша, қала халқының 78,2 пайызы таза сумен қамтамасыз етілді. Аймақ басшысы скважина арқылы берілетін судың сапасы алматылықтар тұтынып отырған ауызсудың сапасынан кем екенін  атап өтті.

Хабарламаларға жазылу