Елбасы жаңажылдық бас шыршаның шырағын жағу рәсіміне қатысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасы жаңажылдық бас шыршаның шырағын жағу рәсіміне қатысты

01.12.2015
 Елбасы жаңажылдық бас шыршаның шырағын жағу рәсіміне қатысты

«Жаңа жыл – әсіресе өскелең ұрпақ үшін асыға күтетін айрықша мереке. Жаңа жыл салтанатына дейінгі ай армандаумен және ғажайыпты күтумен өтеді. Барлық қалауларыңыздың орындалуына тілектеспін. Біздің еліміздің мақсаты – Мәңгілік ел болу, әлемнің дамыған 30 елінің қатарына қосылу. Біз елімізді дамытып, оның халықаралық аренадағы беделін көтеруге ұмтылуымыз керек. Аға буын, соның ішінде сендердің ата-аналарың нақ сол үшін және Қазақстан жастарының игілігі үшін жұмыла еңбек етуде. Біз туған елді, оның астанасын, таулары мен сай-саласын, орманы мен даласын, өзендері мен көлдерін сүйеміз. Осының бәрі – біздің Отанымыз», – деді Қазақстан Президенті.

Соңында Нұрсұлтан Назарбаев баршаға мықты денсаулық, оқу мен еңбекте табыс, игілік және бақ-береке тіледі.

Мерекелік шоуға 2300-ден астам оқушы және қаланың белгілі  шығармашылық ұжымдары қатысты.

Рәсім арқылы бүкіл ел бойынша мерекелік шаралар басталды. 

 

 

Хабарламаларға жазылу