Алматыдағы «Достық» спорт кешенінде каратэ-додан екінші қалалық ашық турнир басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыдағы «Достық» спорт кешенінде каратэ-додан екінші қалалық ашық турнир басталды

01.12.2015
Алматыдағы «Достық» спорт кешенінде каратэ-додан екінші қалалық ашық турнир басталды

Турнирге Алматы қаласы мен облысы, Астана қаласы және Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл, Маңғыстау облыстарынан спортшылар келген. Олардың арасында Азия чемпионы – Александра Будкина мен Әлем біріншілігінің жүлдегері – Кәкіш Ерасыл бар.

Турнирді каратэдо-дан Алматы қалалық федерациясы мен Алматы қалалық Дене шынықтыру және спорт Басқармасы ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы қорының қолдауымен ұйымдастырды.

Айта кетелік, Турнирге құрметті қонақ ретінде белгілі Голливуд жұлдызы, жапондық актер Кэри-Хироюки Тагава  қатысты.

Турнир бүгін кешке қарай аяқталады.

 

ҚазАқпарат

Хабарламаларға жазылу