Суретке сәтті түсудің жолдары: мамандар кеңесі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Суретке сәтті түсудің жолдары: мамандар кеңесі

29.11.2015
Суретке сәтті түсудің жолдары: мамандар кеңесі

Көпшілік өз суретін көргенде «Бұл мен бе?» тіркесін жиі айтады. Психоаналитик Альберто Эйгердің айтуынша, адам жас шамасына қарамай, өзін жас және әдемі сезінеді. Сондықтан, жаңа суретін көргенде көбінде көңіл-күйі түсіп кетеді.

Сондай-ақ, ол өз-өзінен ұялатын адамдар суретке  эмоциясыз және жасанды кейіпте түседі, дейді.

Тәжірибелі фотосуретші  камера алдындағы адамның өзіндік қасиетін аша алуы тиіс деген түсінік бар. Алайда модель ашылуы және өзін еркін сезіну үшін тек  суретке түсірушінің шеберлігі емес, суретке түсуші адамның өзіне сенімді болуы  маңызды.

Кәсіби фотографтардың айтуынша, суретке сәтті түспейтін адам болмайды. Сурет әдемі шығуы үшін фотокамера ұстаған адамға сену керек.

Фотограф өзі суретке түсіретін адамды не нәрсе қуантатынын білгені абзал. Сондай-ақ, жұмысқа кіріспес бұрын онымен ашық сөйлескені дұрыс.

Суретке әдемі түсу үшін:

  • Алдымен, айна алдында өзінің жүзін зерттеу қажет. Бет әлпетін түрліше құбылтып, өз-өзімен сөйлесуі керек. Себебі объектив алдында әртүрлі рөлді ойнауға болады;
  • Сәтті ракурс таңдап алған жөн;
  • Түсірілім алдында ауыз айналасындағы бұлшық еттерді жаттықтыру үшін ерінді жыбырлату керек;
  • Фотосессия кезінде адам бойындағы кемшіліктерін ұмытқаны дұрыс. Егер бұл да қолынан келмесе, оларды артықшылық ретінде қабылдағаны жөн;
  • Эмоционалды сурет – ең әдемі сурет. Сондықтан түсірілім кезінде сезімге ерік беру қажет;
  • Объективтен қорықпау  керек.

Маман кеңесі

Психоаналитик Ваннина Мишели-Рехтманның айтуынша, адам өзінің сыртқы келбетінің кемшілігіне қатысты көзқарасын өзгертіп, мәселені шешіп алғаны жөн. Айна алдында тұрып, өзі қынжылатын сұрақтарға шынайы жауап беруі тиіс.

Егер сырт келбетін күтім жасау арқылы (косметикалық маска, шаш үлгісін өзгерту, киім кию үлгісін ауыстыру, өмір сүру дағдысын өзгерту) өзгертуге болатын болса, мұндай мүмкіндікті пайдаланған жөн.

Себебі, дене бітімі мен бет-әлпетіне күтім жасайтындар өздерін жақсы көріп, өз-өзіне деген сенімділігі артады.

 

Интернет материалдары бойынша әзірленді

ФОТО: mif-facts.com

Хабарламаларға жазылу