Владимир Кличко Тайсон Фьюриден ұпай санымен ұтылып қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Владимир Кличко Тайсон Фьюриден ұпай санымен ұтылып қалды

29.11.2015
Владимир Кличко Тайсон Фьюриден ұпай санымен ұтылып қалды

Британдық боксшы Тайсон Фьюри украиндық боксшы Владимир Кличконы ұпай санымен жеңіп,  IBF, IBO, WBO және WBA нұсқалары бойынша Әлем чемпионы атанды.

Сенбі күні Дюссельдорфта өткен жекпе-жекте 12 раундтың қорытындысы бойынша британдықтың жеңіске жетті.Төрешілер жазбаларының есебі: 115-112, 115-112, 116-111.

39 жастағы Кличко мен 27 жастағы Фьюридің жекпе-жегі 24 қазанда Дюссельдорфта өтуі тиіс еді, алайда, украиндық боксшының жарақат алуына байланысты ұрыс кейінге қалдырылған болатын.

Кіші Кличконың есебінде 68 ұрыстан 64 жеңіс (53-і - нокаутпен), ал Фьюридің есебінде 25 жекпе-жек 25 жеңіс (18 нокаутпен) бар. 

Хабарламаларға жазылу