- Қырыққабат шырыны косметологияда қолданылады. Себебі оның жасартатын қасиеті бар. Сондай-ақ, теріге күтім жасау үшін де пайдаланады.
- Қырыққаттың 100-ге жуық түрі бар. Ең көп таралған түрлері: кәдімгі қырыққабат, савой қырыққабаты, гүлді қырыққабат (цветная), кольраби, қытай қырыққабаты, жапырақты қырыққабат, брюссель қырыққабаты және Пекин қырыққабаты.
- Мамандардың айтуынша, мұндай өсімдіктің құрамында обыр ісігінің ұлғаюын баяулататын дәрумен болады. Сонымен қатар, қырыққабаттың бірнеше түрінде сирек кездесетін U дәрумені бар. Бұл асқазан мен ішек ауруларының алдын алады.
- Жапонияда декорациялық өсімдік ретінде өсіріледі.
- Артық салмақтан арылу мақсатында тұтынуға болады. Сондай-ақ, шырыны микробқа және қабынуға қарсы дәрі ретінде қолданылады. Оны асқазан жарасы және гастрит ауруын емдеу мақсатында пайдаланады.
- Ертеде буға пісірілген бұл көкөніс тек мерекелік дастарханға қойылған. Мұндай тағамға түрлі дәмдеуіш қосылған.
- Алғаш рет қытайлықтар қышқыл қырыққабатты ойлап тапқан. Оны шарапқа салу арқылы жасаған. Мұндай тағаммен Ұлы Қытай қорғанын салған құрылысшыларды тамақтандырған.
- Мамандар қарбыздан гөрі қырыққабатта нитрат көп болатынын айтады.
Интернет материалдары бойынша әзірленді
ФОТО: www.dama.pp.ua