Биыл Павлодар облысында жүрек-тамыр жүйесі, асқазан, ішек ауруларына шалдыққан 39 сәбиге ота жасалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл Павлодар облысында жүрек-тамыр жүйесі, асқазан, ішек ауруларына шалдыққан 39 сәбиге ота жасалды

27.11.2015
Биыл Павлодар облысында жүрек-тамыр жүйесі, асқазан, ішек ауруларына шалдыққан 39 сәбиге ота жасалды

Оған жүрек-тамыр жүйесі, асқазан, ішек аурулары себепші болып отыр, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Минора Әубәкірованың мәліметтерінше, Павлодар облысында жыл басынан бері бір жасқа толмаған 68 нәрестенің өлімі тіркелген.

«Бұл көрсеткіш былтырғы жылмен салыстырғанда біршама аз. Павлодар облысы республикада бала өлімі бойынша төменгі орындардың қатарында.   Мамандардың сөзіне сүйенсек, нәресте өлімінің негізгі себебі - перинаталды кезеңде пайда болатын жағдайлар, - дейді Минора Әубәкірова.

Басқарма басшысы орынбасарының айтуынша, жарық дүние есігін енді ашқан балаларға ота жасайтын дәрігерлердің біліктілігін арттыруға ерекше мән беру керек.

Осы мақсатпен биыл халықаралық тәжірибе алмасу мақсатында өңірге Қытай, Жапония, Венгрия, Литва елдерінен білікті мамандар келіп, кардио-хирургиялық 26 ауыр деңгейлі ота жасалған.

 

 

Хабарламаларға жазылу