Қырғызстандықтар 6 миллионыншы тұрғындарының дүниеге келуін атап өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қырғызстандықтар 6 миллионыншы тұрғындарының дүниеге келуін атап өтті

27.11.2015
Қырғызстандықтар 6 миллионыншы тұрғындарының дүниеге келуін атап өтті

Мерекеде алдымен Қырғызстан астанасының басшысы Қубанычбек Құлматов шығып сөйледі. Ол қала тұрғындары мен қонақтарын 6 миллионыншы қыз баланың дүниеге келуімен құттықтады. Сондай-ақ ел азаматтарын осы күнгі мерекемен Қырғызстанның Премьер-Министрі Темір Сариев те құттықтады, деп хабарлайды КирТаг.

«6 миллионыншы нәрестенің дүниеге келуі, біздің еліміздің бір орында тұрмағандығын көрсетеді. Халық санының артуы біздің еліміздің барлық бағыттар бойынша жүргізіп отырған саясатының өміршеңдігі. Мен бүгін туған нәрестенің ата-аналарын осы қуанышпен құттықтаймын. Балаларыңыздың өмірінің бақытты болуын тілеймін. Ал, қала билігі сіздерген кез келген мәселе бойынша қол ұшы созуға дайын»,-деді қала басшысы.  

Өз кезегінде Т.Сариев те жаңа туған нәрестенің елінің лайықты азаматы болып өсуіне тілектестігін білдірді. Қыз бала – тазалық пен әсемдіктің символы және ол болашақта ана болады, отбасының ұйтқысы мен игіліктерге бастаушы болады»,-деді.   
 
Премьер-Министр сонымен қатар, Қырғызстанның басты байлығы адам ресурстары ал, тұрғындар санының артуы республикадағы тұрақтылықтың белгісі екендігін атап өтті.

Мереке эстрада жұлдыздары мен өнерпаздардың концертіне ұласып, артынан мерекелік отшашу болды.    
  
 
 

 

Хабарламаларға жазылу